Теһранда аяқ киім, былғары және жеңіл өнеркәсіптерінің халықаралық көрмесі басталды
(last modified Tue, 23 Oct 2018 09:51:07 GMT )
Қаз 23, 2018 15:51 Asia/Almaty
  • Теһранда аяқ киім, былғары және жеңіл өнеркәсіптерінің халықаралық көрмесі басталды

Теһранда аяқ киім, былғары және жеңіл өнеркәсіптерінің 5-ші халықаралық көрмесі ирандық және шетелдік 90-нан астам компания мен өндірістік бірліктердің қатысуымен жұмысын бастады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, аяқ киім, былғары және жеңіл өнеркәсіптік салалар бойынша  5-ші халықаралық көрмеге Иран, Түркия, Үндістан мен Қытай компаниялары мен өндірістік бөлімшелері қатысып, жаңа өнімдерін ұсынып отыр. Иран өзінің үш мың жылдық тарихымен әлемдегі ең бірінші әрі ең байырғы былғары өндіруші саналады. Хазірет Исаға (ғ.с.) дейінгі кезеңнің тарихи мұралары ирандықтардың милади күнтізбесінен шамамен 1500 жыл бұрын былғарыны киім, аяқ-киім және әскери құралдар үшін пайдаланғанын көрсетеді.

Иранның бірінші былғары зауыты 1929-шы жылы елдің батысындағы Хамеданда ашылған болатын.