Зариф: Иран мұнайын сатып, өз экономикасын сақтай алады
(last modified Tue, 23 Oct 2018 12:16:03 GMT )
Қаз 23, 2018 18:16 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран  мұнайын сатып, өз экономикасын сақтай алады

ИИР Сыртқы істер министрі қазіргі жағдайда Иранның мұнайын сатып, өз экономикасын сақтай алатынын қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф Жапонияның KYODO NEWS ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «АҚШ үкіметі заңсыз тұрде шығып кеткен ядролық келісіміне оралып, келісімнен шыққаннан кейін салған санкцияларының күшін жойып, Иранмен келіссөз жүргізу үшін негіз  дайындай алады»,- деді. Зариф сондай-ақ, АҚШ-тың өзінің заңды міндеттемелерін орындамайтындығына тоқталып: «Өкінішке орай, АҚШ-тың әрекет ету тәсілі келіссөздер тақырыбының негізіне күмән тудырды»,- деді. Ол Иранның өз мүддесіне сай «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қалу немесе одан шығу келісімін қабылдайтынын айтып: «Иран АҚШ-тың санкцияларын жеңе алады. Өйткені, елдердің көбі Иранмен сауда жасауға дайын екендіктерін мәлімдеді»,- деді.