Зариф: Хашағджидің өліміне қатысты әлемдік реакция кеш, бірақ қатаң болды
https://itolqyn.com/news/iran-i39580-Зариф_Хашағджидің_өліміне_қатысты_әлемдік_реакция_кеш_бірақ_қатаң_болды
Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күні Сауд режимін сынаған тілшінің өлтірілуіне қатысты халықаралық реакцияның кеш, дегенмен қатаң болғанын айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 24, 2018 19:07 Asia/Almaty
  • Зариф: Хашағджидің өліміне қатысты әлемдік реакция кеш, бірақ қатаң болды

Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күні Сауд режимін сынаған тілшінің өлтірілуіне қатысты халықаралық реакцияның кеш, дегенмен қатаң болғанын айтты.

 

«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Давада Зариф Жапонияның NHK телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-ты Сауд режимінің негізгі қолдаушысы деп атап: «Вашингтонның Сауд Арабиясына қолдау көрсетуі аймақтың  тек талан-тараж бен бейберекеттермен бетпе-бет келуіне соқтырып жатыр»,- деді.

Сауд режимін сынаған тілші Джамал Хашағджи қазанның 2 күні Стамбұлдағы Сауд Арабиясының Консулдығына кіргеннен кейін қайтып шықпады.

«Вашингтон пост» қазанның 17 күні: «Вашингтон мен Рияд Хашағджидің өліміне Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мохаммад бен Салманның қатысы жоқ деген пікірді таңуға күш салуда»,- деп жазды.