Рухани: Хашағджидің өлімі адам құқығы туралы уәж айтатындар үшін үлкен сынақ
ИИР Президенті Сауд режимін сынаған тілші Джамал Хашағджидің өлтірілуін сынап, соған қатысты әлем елдерінің реакция білдіруін адам құқығы туралы уәж айтушылар, әсіресе АҚШ пен Еуропа үшін үлкен сынақ деп атады.
Рухани сәрсенбі күнгі үкіметтің отырысында Джамал Хашағджидің өлтірілуін алаңдататрлық оқиға деп атап: "АҚШ-тың қолдауынсыз ешбір мемлекет мұндай қылмысты іске асыра алмайды. Бұл қылмыстың іске асырылуы қате ой-пікірдің қандай бұрмалаушылық қалыптастыра алатынын көрсетеді. Бұл ой-пікір аймақта ДАИШ сынды лаңкестік топтың құрылуына соқтырды",- деді.
Иран Президенті Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасауы мен АҚШ-тың соны қолдауына тоқталып: "Йемен халқының бірнеше жылдан бері бомбаның астында жатқанына әлем үнсіздік танытып отыр",- деді.