Зариф: АҚШ қоғамдық пікірді саудиялықтардың зұлымдығынан алдарқату үшін Иранға санкция салды
(last modified Thu, 25 Oct 2018 12:25:59 GMT )
Қаз 25, 2018 18:25 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ қоғамдық пікірді саудиялықтардың зұлымдығынан алдарқату үшін Иранға санкция салды

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Қаржы министрлігінің ирандық екі азаматқа санкция салған шарасына білдірген реакциясында: "АҚШ қоғамдық пікірді саудиялықтардың Стамбұл мен Йемендегі зұлымдығынан алдарқату үшін Талибан тобына қолдау көрсетті деген сылтаумен Иранға санкция салды",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "АҚШ Қаржы министрлігі Вашингтонның қазір Талибан тобымен келіссөз жүргізіп жатқанын, бұл елдің ұзақ жылдар бойы Талибанды қолдап келгенін естен шығарды",-деп жазды.