Иранның Азаматтық қорғаныс ұйымының жауапты тұлғалары Ислам революциясының жетекшісімен кездесті
(last modified Sun, 28 Oct 2018 17:47:16 GMT )
Қаз 28, 2018 23:47 Asia/Almaty
  • Иранның Азаматтық қорғаныс ұйымының жауапты тұлғалары Ислам революциясының жетекшісімен кездесті

Иранның Азаматтық қорғаныс ұйымының басшысы мен жауапты тұлғалары жексенбі күні елдің бүкіл Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеимен кездесті.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи Азаматтық қорғаныс ұйымының басшысы және жауапты тұлғаларымен кездесуінде азаматтық қорғаныстың дұшпандардың жаңа қоқан-лоққылармен кездесуіндегі маңыздылығына тоқталып: "Дұшпанның шабуылдарының қитұрқы тәсілдеріне қарсы азаматтық қорғаныс ұйымы қырағылық танытып, жан-жақты әрекеттер мен әртүрлі араласушылықтарға нақты әрі замануи түрде қарсы тұруға міндетті",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі  барлық салалардағы басшыларды азаматтық қорғаныстың маңыздылығына назар аударуға шақырып: "Егер Иран басшылары бұл мәселенің маңыздылығын түсінбесе және азаматтық қорғаныс дұрыс алға ілгерiлемесе, Иран орны толмайтын қоқан-лоққылармен бетпе-бет келуі мүмкін. Сондықтан Иранның әртүрлі, атап айтқанда әскери және әскери емес салаларының басшылары азаматтық қорғаныс бөлімімен толық ынтымақтастық жасауы керек",- деді.