Азаматтық қорғаныс – дұшпанның қоқан-лоққыларымен күресудегі шешім жолы
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи елдің Азаматтық қорғаныс ұйымының басшысы және жауапты тұлғаларымен кездесуде азаматтық қорғаныстың дұшпандардың жаңа қоқан-лоққыларымен күрестегі маңызды рөлін баса айтты.
Кеше жексенбі күні өткен кездесуде мәртебелі жетекші дұшпандардың шабуылдаушы шиеленісті тәсілдеріне сілтеме жасап: «Азаматтық қорғаныста осы қоқан-лоққылардың алдында толығымен қырағы әрі сақ болып, ғылыми негізде, нақты, заманауи және жан-жақты әрекет етіп, кез келген ықпалмен күресу керек» деді.
Мәртебелі жетекшінің елдің жауапты тұлғаларының дұшпандардың шабуылдарының күрделі тәсілдерімен күресте қырағылық танытуы керектігін қуаттауы дұшпандардың Иранмен соғысы экономикалық салаға жол тапқан жағдайда айтылып отыр.
Осындай маңызды жағдайда азаматтық қорғаныстың экономикалық қоқан-лоққылармен бетпе-бет келуіндегі маңызы көп қырлы.
Азаматтық қорғаныс – шын мәнінде оларға қауіп төнуі мүмкін барлық салалар бойынша әзірлік деген сөз.
Дұшпандар бүгін күрес майданын «қатты соғыстан» «жұмсақ соғысқа» өзгерткен. Экономика саласына қоқан-лоққы жасау – дұшпанның жаңа соғыстардағы ең айқын стратегиясы.
Экономикалық қорғаныс саласының зерттеушісі, сарапшы Али Реза Ашрафи Ахмад Абад: «Экономикалық қорғаныста үш элемент басты назарға алынуы керек: біріншіден, экономиканың әлсіз, нұқсан келетін тұстарын анықтау керек; екіншіден, жаудың дұшпандық шаралары танылып, үшінші кезеңде осы қоқан-лоққылармен күресу мақсатында зерттеушілер мен мамандар құралдар мен мүмкіндіктер дайындайды» деді.
Сол себепті экономикалық соғыста азаматтық қорғаныс басқару, саясат белгілеу, бағдарлама жасап, жобалау және соларды жүзеге асыру қажет салалардағы шаралардың жиынтығын қамтиды.
Иранның Азаматтық қорғаныс ұйымының басшысы бригада генералы Ғолам Реза Джалали кеше жексенбі күні өткен хабар брифингінде Иранның азматтық қорғаныс ұйымының міндетіне қоқан-лоққыларды анықтап, оларды азайтып, инфрақұрылымдарды қауіп-қатерден қорғау жататынын мәлімдеді.
Қоқан-лоққыларды азайту үшін соғыс пен экономикалық қорғаныс ұғымдарын түсіну қажет.
Шынтуайтында, қауіп-қатердің болмысы мен салалары өзгерген. Сол себепті олармен күресудің талаптары да өзгеруі керек.
Американың Иранға қарсы кең масштабты экономикалық соғыстағы негізгі мақсаты елдің экономикасына қауіп төндіретін жоба жасап, соны халыққа таңу.
Бұл тәсілде хабар арналары мен спутниктік арналар экономикалық қиындықтарды халыққа зорайтып жеткізеді. Ондағы діттегендері – қауіпсіздік саласындағы түйткілдерге айналдыру.
Соңғы айлардағы валюта нарығындағы оқиғалар мен ұлттық ақшаның құнсыздануы ішкі әлсіз тұстарды пайдалану арқылы жүзеге асырылған осы ағымның бір бөлігі болды.
Сол себепті Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи елдің жауапты тұлғаларын барлық сала бойынша азаматтық қорғаныстың маңыздылығына назар аударуға шақырып: «Егер ел басшылары осы мәселенің маңызын түсінбесе, соның салдарынан азаматтық қорғаныс лайық түрде дамымаса, ел кейде тіпті орны толмайтын қауіп-қатердің нысанасына алынады» деді.