Зариф: Моссад Иран мен Еуропаның қарым-қатынасын бұзуды көздеп отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i39692-Зариф_Моссад_Иран_мен_Еуропаның_қарым_қатынасын_бұзуды_көздеп_отыр
Иран Сыртқы істер министрі Данияның Иранға қарсы уәждерін Израильдің Моссад тыңшылық ұйымының бұрмалаушы әрекеттерінің аясында айтылды деп санайды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 01, 2018 16:21 Asia/Almaty
  • Зариф: Моссад Иран мен Еуропаның қарым-қатынасын бұзуды көздеп отыр

Иран Сыртқы істер министрі Данияның Иранға қарсы уәждерін Израильдің Моссад тыңшылық ұйымының бұрмалаушы әрекеттерінің аясында айтылды деп санайды.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні таңертең Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Моссадтың "Жалған туларды желбірету" жолындағы бейбастақ әрі бұрмалаушы әрекеттері Иранның әлеммен сындарлы әріптестік жасауға деген ерік-жігерін нығайта түседі.  

АҚШ, сионистік режим мен бүгінде ауыр айыпқа ұшырап отырған басқа бір жаманатты ел психологиялық соғыстар аясында Иранға айып тағып, осы арқылы АҚШ санкцияларының екінші кезеңі қарсаңында Иран мен Еуроодақтың қарым-қатынасын бұзуды көздеп отыр",-деді.

Осындай жағдайда сионистік режимнің "Иерусалим пост" газеті сәрсенбі күні: "Израиль Данияның Иранға қарсы іс қозғауында тікелей рөл атқарды. Израильдің Моссад тыңшылық ұйымы "Иран Данияда бір адамға шабуыл жасауға талпыныс жасады" деген мәліметті Копенгагеннің ықтиярына берді",-деп жазды.