Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Иранның экономикалық дамуы үшін қарсыласу экономикасын жүзеге асырудың ұжымдық көмек пен ықпалды шараларды қажет ететіндігін айтты.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазының құтпаларында: "Ислам Революциясы жетекшісі тарапынан жыл ұраны ретінде ұсынылған "Қарсыласу экономикасы: іс-әрекет" ұранын жүзеге асыру ИИР-ның халқы және ел басшылығының талпынысының нәтижесінде жүзеге асады. Егер ИИР экономика саласында табысқа жетсе, міндетті түрде саяси, мәдени және қоғамдық салаларда табысқа жетеді. Сол себепті барлық органдар шынайы түрде әрекет етіп, үкіметке осындай маңызды қадамда көмектесуі керек" деп қуаттады.
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың уәде бұзушылығына сілтеме жасап: "Бұл ел Иранға қарсы санкцияларды жалғастырып, "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты өзінің міндеттерін бұзып отыр" деді.
Теһран жұма намазының уақытша имамы дұшпандардың әрдайым ИИР-на соққы беруді көздейтінін қуаттап: "АҚШ Иранға қарсы ахлақсыз әрекеттерін жалғастырып, ешуақытта сенім тудырмайтынын дәлелдеді" деді.