Қар 03, 2018 18:23 Asia/Almaty
  • АҚШ Иран мұнайына санкция салу ісінде сәтсіздікке ұшырады

Иранның Орталық банкінің төрағасы АҚШ-тың Теһранға қарсы қатаң санкциялар таңғанын, дегенмен, бүгін АҚШ-тың кез келген себеп-сылтаумен Иран мұнайына толығымен санкция салып, мұнай экспорты көлемін нөлдік деңгейге жеткізу мақсатында сәтсіздікке ұшырағаны баршаға дәлелденгенін мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Орталық банкінің төрағасы Абдулнасер Хеммати жұма күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Бірқатар елдің Иран мұнайын сатып алу туралы  санкциядан біртіндеп босатылуы арқылы Иранның сауда-саттық және табыс кеңістігінің келешегі айқындала түседі.

Соңғы айларда шетелдік валюта қорын қолайлы деңгейге жеткізген Орталық банк тіпті мұнай экспортын минималды деңгейге жеткізетін жағдай үшін де арнайы бағдарлама қарастырды. Иран халқы АҚШ-тың санкцияларынан жақсы өтеді", - деп жазды.

 

 

Тегтер