Америкалықтар Иранға қарсы әскери шешім жолын таңдауға қауқарсыз
https://itolqyn.com/news/iran-i39745-Америкалықтар_Иранға_қарсы_әскери_шешім_жолын_таңдауға_қауқарсыз
Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары АҚШ-тың әскери қуатының әлсірегенін, бұл елдің Иранға қарсы әскери шешім жолын таңдауға қажет саяси-экономикалық жағдайының жоқтығын айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 04, 2018 20:13 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары АҚШ-тың әскери қуатының әлсірегенін, бұл елдің Иранға қарсы әскери шешім жолын таңдауға қажет саяси-экономикалық жағдайының жоқтығын айтты.

Генерал Хосейн Салами сенбі күні кешке Иранның Бірінші арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың соғысқа қажет саяси жағдайдан айрылғанын, ешбір елдің АҚШ-тың әлемнің кез келген жеріне басқыншылығын қолдамайтынын, АҚШ экономикасының жаңа соғысты көтере алмайтынын, өйткені Таяу Шығыс аймағына 7 трлн доллар жұмсап, ешқандай нәтижеге жетпегенін айтты.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары, сондай-ақ, Иранның тежегіш қуатына тоқталып, ИИР-ның қуат тұрғысынан дұшпандарға әсерлі реакция көрсетіп, қажет жағдайда олардың мүдделеріне қоқан-лоққы жасай алатын дәрежеге жеткенін айтты.

Сардар Салами АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын қайта күшіне енгізгеніне тоқталып: «Иран мұнайын сатып алатын 8 елді санкциялар аясынан шығару – Иранның АҚШ-ты жеңгенінің белгісі»,-деді.