Трамптың Иранды тізе бүктіруге шамасы жетпейді
(last modified Sun, 04 Nov 2018 15:44:34 GMT )
Қар 04, 2018 21:44 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран халқының 13 абан шеруінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранды тізе бүктіруге шамасы жетпейтінін көрсеткенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани жексенбі күні Мәжілісте ашық жиналыстың басталар алдында 13 абан – Дүниежүзілік үстемшілдікпен күрес күніне тоқталып, бұл күннің Иран халқының үстемшілдерге қарсы табандылығының символына айналғанын айтты.

Лариджани әлем халқының америкалықтардың үстемшілдігі мен бопсалауынан шаршағанын айтып, АҚШ-тың қазіргі үкіметінің әлем саясаткерлерінің күлкісіне айналғанын айтты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранмен экономикалық соғысына тоқталып, Иран халқының елдің экономикалық және технологиялық қуатын жоғарылату үшін табандылықпен талпыныс жасап, экономикалық соғыста дұшпандарды жеңіп шығатынын қуаттады.