Рухани АҚШ санкцияларының нәтижеге жетпейтінін баса айтты
(last modified Mon, 05 Nov 2018 17:40:31 GMT )
Қар 05, 2018 23:40 Asia/Almaty

ИИР Президенті бүгінде экономиканың күрестің алдыңғы шебінде екенін, АҚШ-тың заңсыз әрі әділетсіз санкцияларына айбынмен тойтарыс беріп, бұл елді жеңетіндіктерін айтты.

Хасан Рухани Экономика министрлігінің басшылары мен орынбасарларының ортасында америкалықтарға зорлық, қысым, қоқан-лоққы және санкция тілімен Иран халқымен сөйлесуге болмайтынын, оларға көне мәдениетке ие ұлы халыққа әлімжеттік жасай алмайтынын түсіндіру керектігін айтты. Рухани АҚШ-тың әлемдегі заң бұзушылықтарына тоқталып, бұл елдің басқа кезден көбірек оқшаулана түскеніне тоқталып: "АҚШ мұның алдында Иранның мұнай экспортын тоқтатыны туралы уәж айтқан болатын. Енді 8 елді Иран мұнайын сатып алуға салынған санкциядан босатуға мәжбүр болды. Бұл – Иранның жеңісі, ал АҚШ-тың кері шегінісі"-деді.