Иран Қарулы күштері дұшпандардың қоқан-лоққыларына қарсы тұруға дайын
ИИР Армиясы үйлестірушісінің орынбасары дүйсенбі күні Иранның екінші телеарнасына берген сұхбатында Иран Қарулы күштерінің дұшпандардың барлық қоқан-лоққысына қарсы тұруға дайын екенін, қоқан-лоққыларға жауап қайтару саласында ілгерілеп, қажет қорғаныс қаруларын жасап шығарғанын айтты.
Адмирал Хабиболла Саяри «Велаят-97» әскери жаттығуларының 500 000 км² жерде өткізілетінін хабарлап: «Иран жер көлемінің шамамен үштен бір бөлігінде өтететін жаттығуға елдің әуе қорғаныс жүйесенің әлеуетін арттыру үшін Армияның Хатам әл-Әмбия қорғаныс күштері, Сақшылар корпусының ғарыш күштері мен Армияның әуе күштері қатысады. Жаттығудың соңғы кезеңі аяқталған соң «Бавар» зымырандық жүйесінің сынағы өтеді. Бұл жүйенің мүмкіндігі С-300 жүйесінен жоғары»,- деді.