Батып кеткен танкер мен жабылып қалған банкке санкция салу – АҚШ-тың үмітсіздігінің белгісі
https://itolqyn.com/news/iran-i39790-Батып_кеткен_танкер_мен_жабылып_қалған_банкке_санкция_салу_АҚШ_тың_үмітсіздігінің_белгісі
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Иранның жабылып қалған банктерінің бірі мен батып кеткен мұнай тасымалдайтын танкеріне санкция салуын Вашингтонның үмітсіздігінің белгісі деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 06, 2018 20:54 Asia/Almaty
  • Батып кеткен танкер мен жабылып қалған банкке санкция салу – АҚШ-тың үмітсіздігінің белгісі

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Иранның жабылып қалған банктерінің бірі мен батып кеткен мұнай тасымалдайтын танкеріне санкция салуын Вашингтонның үмітсіздігінің белгісі деп атады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «АҚШ үмітсіз әрекеттерінің бірінде осыдан 6 жыл бұрын жабылған банк пен батып кеткен танкерді санкциялардың тізіміне енгізді»,- деп жазды.

АҚШ үкіметі санкцияларының тізіміне 2018-ші жылдың қаңтар айының 6 күні Қытай жағалауында қытайлық кемемен соғысуы салдарынан батып кеткен мұнай танкері мен 6 жыл бұрын жабылған «Тат» банкі де енгізілді.