Рухани: Иран халқы америкалықтардың қастандықтарын залалсыздандырды
https://itolqyn.com/news/iran-i39842
ИИР Президенті: "4 қараша өздерінің бұрыс мақсаттарына жетудің бастамасы болады деп ойлаған америкалықтардың жоспарлары мен қастандықтарын Иран халқы қарсыласу және табандылықпен залалсыздандырды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 11, 2018 00:21 Asia/Almaty

ИИР Президенті: "4 қараша өздерінің бұрыс мақсаттарына жетудің бастамасы болады деп ойлаған америкалықтардың жоспарлары мен қастандықтарын Иран халқы қарсыласу және табандылықпен залалсыздандырды",-деді.

Рухани сенбі күні Теһранда үш билік басшыларының ортақ жиналысының соңында сөйлеген сөзінде: "Америкалықтар Иранға әділестіз санкция салып, елдің банк жүйесі, мұнай мен басқа да тауарларының экспортын нысанаға алу арқылы халықтың күнделікті өміріне теріс əсер етуді көздейді.

АҚШ-тың санкция салудағы мақсатын халыққа емес, жүйе мен үкіметке қысым жасау деп атағаны толығымен қате. Америкалықтар іс жүзінде бұл шындықты айқын көрсетті»,-деді.

ИИР Президенті америкалықтардың Иран мұнайының экспортын тоқтата алмайтынын мойындағанын айтып: «Америкалықтар алдағы айларда қате жолды таңдағанын жақсы түсінеді, өйткені бұл жол Иран халқын көбірек өндіріп, көршілес әрі дос елдермен жақын қарым-қатынаста болуға дайындайды»,‑деді.