Иран әлемдіктерге қонақжайлығымен танымал
Қар 11, 2018 22:33 Asia/Almaty
Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы: "Туризмде қонақжайлық мәдениет пен сүннеттерден жоғары. Иран әлемдіктерге қонақжайлығымен танымал",- деді.
Зураб Пололикашвили Иранды туристер үшін қызық ел деп атап, Иран үкіметінің туризмді басты мәселе деп санауын алғыс айтуға тұрарлық іс деп атады.
Иранның Қолөнер, мәдени мұралары мен туризм ұйымының басшысы Әлиасқар Монесан да Хамеданда өтетін Дүниежүзілік туризм ұйымы мүшелерінің басқосуына тоқталып, оған 27 мемлекеттің қатысатынын айтты.
Дүниежүзілік туризм ұйымы мүшелерінің 40-шы отырысы қарашаның 12-14 күндері Иранның батысындағы Хамедан қаласында өтеді.
Тегтер