Иран мен Еуропа тасымал саласында әріптестігін жалғастырады
Еуроодақтың тасымал департаменті басшысының орынбасары одақтың Иранмен тасымал саласында әріптестігін жалғастыратынын айтты.
Майя Бакран дүйсенбі күні Теһранда «Логистика және тасымал желісі» атты оқу семинарында Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің 2016 жылғы Теһранға сапарынан кейін Иран мен Еуроодақ арасында қалалық және әуе тасымалы саласында әріптестік жасау бойынша жақсы келісімге қол қойылғанын, Брюссельдің осы келісім аясында Теһранмен әріптестігін бұрынғыдай жалғастыратынын айтты.
Бакран сонымен қатар әлемдегі сауданың 80 пайызының теңіз тасымалы арқылы жүзеге асырылатыны мен ауқымдылығына байланысты Азия елдері мен Еуроодақ арасындағы әріптестікті тоқтату мүмкін еместігіне де тоқталды.
Еуроодақтың тасымал департаменті басшысының орынбасары АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен шектеулеріне қарамастан Иран мен Еуропа арасында қиындықтық туындамайтынына сенім білдірді.
«Логистика және тасымал желісі» атты оқу семинары Иранның Айлақтар мен кеме қатынасы ұйымының бас директоры, елдің тасымал саласындағы белсенділері және Еуроодақтың тасымал департаментінен келген жоғары лауазымды делегацияның қатысуымен Теһранда өтті.