Хамеданда әлем туризмінің ең үлкен басқосуы жұмысын бастады
https://itolqyn.com/news/iran-i39880
Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) жыл сайын өтетін басқосуының 40-шы отырысы кешеден бастап Иранның Хамедан қаласында өз жұмысын бастады. Отырыс сәрсенбі қарашаның 14-не дейін жалғасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 13, 2018 16:47 Asia/Almaty

Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) жыл сайын өтетін басқосуының 40-шы отырысы кешеден бастап Иранның Хамедан қаласында өз жұмысын бастады. Отырыс сәрсенбі қарашаның 14-не дейін жалғасады.

Отырысқа Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше 30 мемлекеттің 80 мүшесі қатысып, бұл ұйымның тарихында бірінші рет Иранның «Алисадр» туристік компаниясына халықаралық деңгейдегі сертификат беріледі.

Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвили: «Иран – туристерді қызықтыратын мемлекет.  Хамедан – осы елдегі жақсы туристік мекендердің бірі. Туризмде қонақжайлық мәдениет пен сүннеттерден жоғары. Иран әлемдіктерге қонақжайлығымен танымал»,- деді.

Иранның Қолөнер, мәдени мұралары мен туризм ұйымының басшысы Әлиасқар Монесан да отырыста сөз сөйлеп, Иранды туристік тартымдылығы мол 10 елдің бірі деп атап, Иранның сәулеті, табиғаты және мәдени мұраларының туристерді қызықтыратынын айтты.

Монесан сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталып: «Біржақты әрі әділетсіз санкциялар осы уақытқа дейін нәтижеге жетпкен жоқ. Керісінше, шетелдік туристердің Иранға сапар шегуін арттырды»,- деді.