Хамаданда Дүниежүзілік туризм ұйымының отырысы басталды
Дүниежүзілік туризм ұйымының 40-ші отырысы бүгін, дүйсенбі күні Иранның батысындағы Хамадан қаласында басталды.
«Мәдени туризмнің инновация, технология мен мәдени бағдарламаларды пайдалануы» тақырыбында өткен осы үшкүндік саммиттің ашылу рәсіміне Дүниежүзілік туризм ұйымының әлемнің 30 елінен келген 80 мүшесі қатысты.
Дүниежүзілік туризм ұйымының 40-ші отырысына Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Ирак, Филиппин, Оңтүстік Корея, Камбоджа, Әзірбайжан, Жапония, Өзбекстан, Ауғанстан, Грузия, Вьетнам, Индонезия, Тайланд, Шри-Ланка, Испания, Бельгия мен Болгария өкілдері қатысып жатыр.
Туристік инфрақұрылымдарды сан және сапа жағынан жоғарылату, жаңа мүмкіндіктер тудырып, инвестиция тарту, сондай-ақ, Хамадан облысының экономикасын жандандыру Дүниежүзілік туризм ұйымының 40-ші отырысының мақсаттарының қатарына жатады.
Бүгін басталған Дүниежүзілік туризм ұйымының 40-ші отырысы 16 қарашаға дейін жалғасын табады.
Хамадан қаласында биыл тамыз айында «Хамадан – Азия туризмінің астанасы» атты халықаралық конференция өтті.