Иран мен Пәкістан экопойыз темір жол бағыты қайта ашылады
(last modified Tue, 13 Nov 2018 17:04:06 GMT )
Қар 13, 2018 23:04 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістан экопойыз темір жол бағыты қайта ашылады

ИИР-ның Исламабадтағы елшісі мен Пәкістанның Темір жол министрі аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Исламабад-Теһран-Стамбұл экологиялық темір жол бағытын пайдалануға беру қажеттігін қуаттады.

Меһди Һонардуст Пәкістан Темір жол министрі Шейх Рашид Ахмадпен Исламабадта кездесуінде ирандық компаниялардың темір жол жобаларына қатысу қабілетіне тоқталып, Теһранның барлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе темір жол саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.

Пәкістанның Темір жол министрі Пәкістанның Балучистан облысы орталығы мен Иранның оңтүстік-шығысын байланыстырушы Кветта-Тафтан темір жол бағытын жаңартып, оңтайландыруды өз елінің Иранмен арадағы қатынастарын, әсіресе сауда-экономикалық қатынастарын кеңейту үшін аса қажет екенін айтты.

Өткен жылдары үш ел арасындағы транзитті дамытып, сауда-экономикалық әрекеттестік үшін негіз жасаған Пәкістан-Иран-Түркия бағытында қатынаған пойыз бірнеше жылдан бері тоқтаған болатын.

Бұл пойыздың осы бағытта қатынауын тоқтатудың негізгі себебіне Пәкістан темір жолы мен темір жол құрал-жабдықтарының ескіріп, тозуы жатады.

 

 

Тегтер