Жазушылар мен баспагерлер дұшпандардың қастықтарын әшкерелеуде маңызды рөл атқарады
Исламдық ояну әлемдік одағының Бас хатшысы Велаяти жазушылар мен баспагерлердің дұшпандардың қастықтарын әшкерелеуде маңызды рөл атқаратынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиакбар Велаяти қарсыласуды қолдайтын жазушылар мен баспагерлер одақтастарының Теһрандағы "Палестина" әдеби сыйлығын тағайындау отырысында: "Аймақтағы АҚШ-тың саясаты – исламдық қарсыласудың күшеюінің алдын алып, сионистік режимнің қауіпсіздігін бұрынғыдан көбірек қамтамасыз ету. АҚШ-тың қарсыласу күштеріне қарсы негізгі дұшпандығы бұл күштердің үстемдік, зорлық-зомбылық және балаларды өлтіруші сионистік режимге қарсы табандылық танытуымен байланысты",- деді. Ол қалам иелерінің маңызды рөліне тоқталып: "Жазушылар мен баспагерлер АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы мақсаттары мен саясаттарын әшкерелеп, олардың қастықтарын іске асырудың алдын алады",- деді.