Иран қару-жарақтың кейбір түрін жасау бойынша әлемдегі алпауыт елдердің қатарында
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің басшысы бригада генералы Хаджизаде Иранның қару-жарақтың кейбір түрін жасау бойынша әлемдегі үздік алпауыт елдердің қатарында екенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бригада генералы Амирәли Хаджизаде сәрсенбі күні Иранның батысындағы "Қазвин облысының 3000 шәһиді" деген атаумен өткен республикалық конгресте сөйлеген сөзінде бүгінде Иранның әлемде бір әскери күшке айналғанын, ешкімнің мұны теріске шығара алмайтынын баса айтты.
Хаджизаде Иранға қару-жарақ саласында да санкция салынғанына тоқталып: "Бұл санкциялар қару-жарақтардың ел ішінде өте төмен баға және өте жоғары сапамен жасалуына себеп болды. ИИР тіпті өз қаруын экспорттай да алады", -деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің басшысы Иранның аймақтағы кейбір елдердің бюджетінен өте аз қаражатпен Таяу Шығыста әскери алпауыт болып отырғанын айтып: "Сауд Арабиясы – АҚШ пен Қытайдан кейін әлемде әскери салаға орасан зор қаражат жұмсайтын ел. Алайда жұмсалған қаражат бұл елді әскери алпауыттардың қатарына қосқан жоқ",-деді.