Рухани ирактық әріптесін ресми қарсы алды
(last modified Sat, 17 Nov 2018 10:22:34 GMT )
Қар 17, 2018 16:22 Asia/Almaty

ИИР президенті Теһрандағы Саад Абад мәдени-тарихи кешенінде Ирак президентін ресми қарсы алды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бірнеше сағат бұрын ирактық жоғары деңгейлі делегацияны бастаған Барһам Салех Теһранға келіп жетті. Ирак президенті екі күндік сапары барысында Иран президенті Хасан Руханимен кездесіп, Иранның бірқатар басқа да жауапты тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасуды жоспарлап отыр.

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Иран және Ирак президентттері арасында екіжақты келіссөздер басталып, екі елдің саяси, экономикалық және мәдени делегациялары келіссөздер өткізеді.

 

 

 

Тегтер