Ислам революциясының жетекшісі: Мықты әрі тұрақты Ирак дұшпандарға қайсарлықпен төтеп береді
(last modified Sun, 18 Nov 2018 05:26:47 GMT )
Қар 18, 2018 11:26 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі сенбі күні Ирак Президенті және ол бастаған делегациямен кездесіп: «Қиыншылықтарды жеңу және жамандық тілеушілердің қастандықтарымен күресу Иракта ұлттық бірлікті сақтап, дос-дұшпанды дұрыс ажыратып білу мен жауға қарсы тұру жастардың күш-қуаты мен олардың діни орталықтармен байланыстарын сақтап, нығайтуды қажет етеді»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи Иракта парламенттік сайлаудың сәтті өткеніне, Президент, Премьер-министр мен басқа да жауапты тұлғалар сайланып, тұрақтылық пен тыныштық орнағанына қуаныш білдіріп: «Ирак халқы деспоттық кезеңнен кейін дауыс беріп, сайлауға құқығы бар тәуелсіз елге айналды. Кейбір жамандық тілеуші үкіметтер мен елдер Ирак халқын осы ұлы жеңіс пен жетістіктердің жемісінен мақұрым қалдырып, Ирак пен аймақта тыныштықтың орнамауын қалайды.

Осындай қастандықтармен күрестің басты жолы – ирактық топтардың, соның ішінде араб, күрд, шиіт пен сүннит топтардың бірлігін сақтап, нығайту»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі Иран басшыларының Иракпен әріптестікті дамытуға мүдделі екенін және өзінің де осы мәселені толық қолдайтынын айтып: «Мықты, тәуелсіз әрі дамыған Ирак Иран үшін өте пайдалы. Біз ирактық бауырластардың қасынан табыламыз»,-деді.   

 

Тегтер