Рухани: Иран мен Ирак аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығын дамытуда маңызды рөл атқарады
(last modified Sun, 18 Nov 2018 06:01:14 GMT )
Қар 18, 2018 12:01 Asia/Almaty

ИИР Президенті өткен жылдары Таяу Шығыс аймағын жайлаған дағдарысқа тоқталып, екі ықпалды ел Иран мен Ирактың аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығын дамытуда маңызды рөл атқара алатынын айтты.

Хасан Рухани сенбі күні Иран мен Ирактың жоғары лауазымды делегацияларының отырысында Ирак Президентінің Теһранға сапарын екі елдің әртүрлі салалардағы қарым-қатынасын дамыту үшін жасалған жаңа қадам деп атап, Ирактың толық қауіпсіздік орнатып, даму жолына түсуін екі ел мен екі халық және аймақтың мүдделеріне сай деп бағалады.

Рухани Иранның өткен жылдары Ирактың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында әрекет еткенін іс жүзінде дәлелдегенін айтып, Иранның өзінің барлық көршілерімен шынайы бауырластық қатынас орнатуды қалайтынын айтты.  

Ирак Президенті Бархам Салех те Теһран мен Бағдадтың екіжақты және көпжақты әріптестігін дамыту қажеттігін қуаттап, Ирактың Иранға қарсы санкция механизмі мен кез келген жауластық саясатпен жақтаспайтынын баса айтты.

Ирак Президенті сенбі күні ИИР басшыларымен кездесу үшін жоғары лауазымды делегацияны бастап, Теһранға келді.

 

 

Тегтер