Иран Ирактың қасынан табылады
(last modified Sun, 18 Nov 2018 12:48:45 GMT )
Қар 18, 2018 18:48 Asia/Almaty
  • Иран Ирактың қасынан табылады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні түстен кейін Ирак Президенті Барһам Салех пен ол бастап келген делегациямен кездесуінде сөйлеген сөзінде мықты, тәуелсіз әрі дамыған Ирактың Иран үшін өте пайдалы екенін, Иранның ирактық бауырлардың қасынан табылатынын мәлімдеді.

Ислам революциясынің жетекшісі, сондай-ақ, қиыншылықтарды жеңу және жамандық тілеушілердің қастандықтарымен күресудің жолын Иракта ұлттық бірлікті сақтау деп атап: "Аймақтан тыс кейбір елдердің ислам, шиіт, сүннит пен Иракқа ашуы мен кегі бар. Олар Ирактың ішкі істеріне араласады. Дұшпандарға қарсы тұру керек. Оларға қатаң қарсылық білдіруде ымырашылдыққа жол бермеу керек",-деді.

Осы тұрғыдан Ислам революциясының жетекшісі сөздерінің анық жолдауы бар. Ол мынадай қажеттілікті еске түсіреді: аймақ елдері ортақ сын-қатерлер алдында жақынырақ әріптестік пен интеграция жасап, аймақта әріптестік жасау арқылы бүкіл өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне талпынуы керек.

ДАИШ-тың жеңілісі Иран мен Ирактың бір-бірінің жанында осы екі ел мен аймаққа қарсы жобаланған қастандықтарға қарсы өзгеріс жолын бастай алатынын көрсетті. Ирактағы өзгерістер барысында халықтың жанпидалығы, жауапты тұлғалардың лайық басқаруы, елдегі діни үлгілердің қырағы да қисынды жолнұсқаулары осы елдің қиындықтарын шешіп, дағдарыстан шығуында маңызды рөл атқарады. Осындай факторларды назарға ала отырып, Ислам революциясының жетекшісі діни орталықтарменнн байланысты сақтап, нығайтуды аса маңызды деп атап, бұл байланыстың әртүрлі кезеңдер мен деңгейлерде өте тиімді болатынын айтты.

Барһам Салехтің Ислам революциясы жетекшісімен кездесуінде айтқан сөздері де мұны растайды. Ол діни үлемдердің даналығы, ақылы мен шара ойластыруын Ирактың тұрақтылығы, тыныштығы және дамуы үшін бір үлкен нығмет санайтындықтарын баса айтты.

Бүгінде аймақ елдерінің жан-жақты әріптестігін дамытатын кез келді. Бұл істің маңыздылығы бұрынғы әріптестіктерден кем емес.

Иран мен Ирактың тамыры терең тарихи қарым-қатынасының құнды әрі теңдессіз тірек екені айқын. Оның айқын мысалы – ұлы Арбағин шеруі.

Хазірет аятолла Хаменеи биыл Арбағин шеруіне 2 млн-нан астам ирандық зияратшының қатысқанына тоқталып: "Барлық ирандық зияратшылар Ирак халқының қонақжайлылығына риза болып қайтады. Бұл ирактықтардың  ирандық зияратшыларды күтуге жандарын салып қатысатынын көрсетеді",-деді.

Осындай байланыстарды назарға ала отырып, ИИР барлық күш-қуатымен Ирак үкіметі мен халқының қасынан табылуға дайын. 

 

Тегтер