Теһранда Иран мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері кездесті
Иран мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері аймақтың маңызды мәселелері, соның ішінде Йемендегі соғысты тоқтатуды жылдамдату мен аймақтың басқа да өзгерістері жайлы сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрі мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хант дүйсенбі күні Теһранда екіжақты қарым-қатынастың әртүрлі салалары, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында сауда-экономикалық байланыстарды ілгерілету мақсатында ұсынылған SPV деп аталатын еуропалық қаржы механизміне қатысты мәселелерді талқылады.
Джереми Хант Иран Сыртқы істер министрімен кездескеннен кейін ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен жүздесіп, сұхбаттасты.
Бұл – Джереми Ханттың Ұлыбритания Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалғаннан кейінгі Теһранға жасаған бірінші сапары. Ол АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының екінші кезеңі күшіне енгеннен кейін келіп отыр.