Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының 4-ші отырысы өтеді
https://itolqyn.com/news/iran-i39991-Иран_мен_Ресейдің_үздік_университеттері_ректорларының_4_ші_отырысы_өтеді
Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының 4-ші отырысы екі елдің ғылыми-университеттік қарым-қатынасын кеңейту және тереңдету мақсатында 24 қарашада Теһран университетінің Киш аралындағы филиалында өтеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 19, 2018 21:49 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының 4-ші отырысы өтеді

Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының 4-ші отырысы екі елдің ғылыми-университеттік қарым-қатынасын кеңейту және тереңдету мақсатында 24 қарашада Теһран университетінің Киш аралындағы филиалында өтеді.

Отырысқа Иранның бірінші дәрежелі университеттерінің ректорлары, Ресей университеттерінің ректорлары мен ғылыми делегациялары, елшілік өкілдері, Иран Ғылым министрінің орынбасары, Ғылым, зерттеулер мен технология министрлігінің халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығының басшысы қатысады. Қиыншылықтар мен перспективалар, халықаралық салада университеттерді басқару тәжірибесі, Иран мен Ресей университеттерінің халықаралық рейтингте жоғарылау мақсатында әріптестік жасауы және университеттердің қолданбалы және іргелі ғылымға негізделген зерттеулер жүргізуге қатынасы мен көзқарасы осы отырыста талқыланатын тақырыптардың қатарын құрайды.