Ұлыбритания Сыртқы істер министрімен Теһранда өткен келіссөзде Иран Еуропаны сынады
(last modified Tue, 20 Nov 2018 12:43:58 GMT )
Қар 20, 2018 18:43 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Сыртқы істер министрімен  Теһранда өткен келіссөзде Иран Еуропаны сынады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани дүйсенбі күні Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хантпен Теһрандағы кездесуінде сөйлеген сөзінде Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуын АҚШ-тың Еуропаның беделі мен сенімі және саяси жағдайына нұқсан келтіру деп атады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сондай-ақ, Британия үкіметінің адам құқығын аяққа таптайтын Сауд Арабиясы мен Бахрейн сияқты мемлекеттерге қару-жарақ сатып отырғанын сынап: «Кейбір еуропалық мемлекеттердің АҚШ үкіметінің саясаттарын қолдауы Иран мен аймақтың басқа елдерінің қоғамдық пікірінің АҚШ, сионистік режим және аймақтағы одақтастарының қылмыстарына олар да ортақ деген теріс көзқарастарына себеп болып отыр»,- деді.

АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанын жариялағаннан бері еуропалық мемлекеттер әртүрлі дәлелдерімен Иранмен ынтымақтастық жасап, сауда-экономикалық қарым-қатынас орнататындықтарын қуаттағанымен, олардың АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу қастандығына қарсы ұстанымдары көбінесе мәлімдеме жариялаумен ғана шектелді. Қазіргі жағдайда Еуропаның шешім қабылдау деңгейі баяу жүріп жатыр. Еуропаның екі жолы бар: бірінші жолы – тәуелсіздікке негіздеп, Еуроодақтың халықаралық деңгейдегі міндеттемелеріне табандылық білдіруі; екінші жолы – АҚШ-тың қысымдарына бағынуы. Егер екінші жолды қабылдаса, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен шектелмей, Еуроодақтың келешегі үшін көп шығын келтіреді.

АҚШ-тың санкциялары БҰҰ-ның Жарғысы, Адам құқығы конвенциясы және БҰҰ Бас ассамблеясының қарарларына қайшы.  Санкциялар тікелей Иран халқын нысанаға алып отыр. Сондықтан Еуропаның АҚШ-тың әрекеттеріне қарсы шара қолданбауы барлық елдерге зиян келтіреді.

Еуроодақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын Қауіпсіздік кеңесінің қарары аясындағы келісімге жасалып отырған кесімді әрі мықты қолдау деп бағалауға болмайды. Бәлкім, оптимистік ұстаным білдіріп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы еуропалықтардың  ұстанымдары әлі де түсініксіздік және күдік-күмәнмен қатар келіп отыр деп айтуға болар.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф  Ұлыбританияда шығатын The Guardian газетіне берген сұхбатында Еуроодақтың SPV деген ерекше қаржы жүйесін құру үдерісінің баяу ілгерілеуіне наразылық білдіріп: «Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты саяси міндеттемелерін жариялағанымен, өкінішке орай, іс жүзінде өте баяу әрекет етіп отыр»,- деді.

ИИР басқа тараптардың Вашингтонның заңсыз әрекеттеріне қарсы шара қолданбауына байланысты өзінің ұлттық мүдделеріне сай тиісті шешім қабылдады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қиындықтарға душар болған жағдайда Еуропаның қауіпсіздігін де қатерге тірейді. Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы болмаса, Батыс Азия аймағының қауіпсіздігі күшті болады деп ойласа, қатты қателеседі.