Мешхедте «Иран мен Қытайдың перспективалары» атты ортақ отырыс өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i40023-Мешхедте_Иран_мен_Қытайдың_перспективалары_атты_ортақ_отырыс_өтті
Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласындағы Фирдауси атындағы Университетте екі елдің тұрақты қарым-қатынастарын дамытудағы ортақ мәдени мұралардың рөлін зерттеу мақсатында «Иран мен Қытайдың перспективалары» атты ортақ отырыс өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 21, 2018 22:36 Asia/Almaty
  • Мешхедте «Иран мен Қытайдың перспективалары» атты ортақ отырыс өтті

Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласындағы Фирдауси атындағы Университетте екі елдің тұрақты қарым-қатынастарын дамытудағы ортақ мәдени мұралардың рөлін зерттеу мақсатында «Иран мен Қытайдың перспективалары» атты ортақ отырыс өтті.

 

Бұл бір күндік басқосуда Иран мен Қытайдың Жібек жолына қатысты ежелгі байланыстарын жаңғырту мен мәдени қарым-қатынастарды кеңейту жолдары қарастырылды. «Иран мен Қытайдың перспективалары» атты ортақ отырыс Иранның Фирдауси университеті мен Қытайдың үш университеті арасындағы мәдени қарым-қатынас саясатының жалғасындағы екінші отырыс болды. Қытайлық мәдени делегация Мешхедте Хорасан Разави облысының тарихи мұралары мен ғимараттарын, мұражайларын тамашалаумен бірге  Мешхед қаласындағы Фирдауси атындағы Университеттің басшыларымен кездесіп, екі ел арасындағы мәдени және университеттер арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту жолдарын талқыға салды.