Рухани: Иран жаппай қырып-жоятын қару-жарақ пен лаңкестікке қарсы күресте алдыңғы шепте
ИИР Президенті Иранның лаңкестік пен химиялық қарудың ең үлкен құрбаны болғандықтан жаппай қырып-жоятын қарулар мен лаңкестікке қарсы күресте алдыңғы шептегі ел екенін қуаттады.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Иран үкіметінің отырысында әлемнің әртүрлі мемлекеттеріндегі ақшаны жылыстатудың түрлеріне тоқталып, Иранды лаңкестердің ақшаны тасымалдауы мен олардың әртүрлі қаржы жүйелеріне пайдалануына тыйым салуды талап етушілердің ең маңыздыларының бірі деп атады.
Иран Президенті сондай-ақ, Иранның әлемде есірткіге қарсы күрестің көшбасшысы екендігіне тоқталып: «Иранның қауіпсіздік және полиция күштері, Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен елдің шығыс пен батыс шекараларындағы «басидж»-ерікті күштерінің жанкештілігі мен талпыныстары – Иранның есірткі және есірткі саласындағы ақшаны жылыстатумен шынайы күрес жүргізетіндігінің белгісі»,- деді. Рухани сөзінің жалғасында Иран халқының бір-біріне көмектесіп, қиындықтардан өтетінін қуаттап, АҚШ басшыларына қаратып: «Америкалықтар Иранның өркендеу жолын жалғастыратынын, нәтижесінде АҚШ-ты өкіндіретінін білгені жөн»,- деді.