Қар 22, 2018 20:05 Asia/Almaty
  • ЮНИСЕФ директорының орынбасары ирандық балалардың кітап оқуға деген ықыласына ризалық білдірді

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) директорының Азия және Солтүстік Африка елдері жөніндегі орынбасары ирандық балалардың кітап оқуға деген қызығушылығына ризалық білдірді.

ЮНИСЕФ ұйымы директорының Азия және Солтүстік Африка елдері жөніндегі орынбасары Бертран Бейнвель "Кітап апталығына" орай Теһрандағы оқырмандар клубтарын аралаған кезде: "Мәдени негіздері әртүрлі ирандық балалар бірге жиналып, кітап жайлы сұхбаттасады.

Көптеген жетістіктерге қарамастан бізде әлі де қиындықтар бар. Мүгедек және нашақорлық қаупі төнген балалар мен жасөспірімдерге көбірек көңіл бөлу керек",- деді.

Қарашаның 15-22 күндері Иранда 26-шы "Кітап апталығы" өтіп жатыр.

 

 

 

 

 

Тегтер