Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 24 Nov 2018 08:40:40 GMT )
Қар 24, 2018 14:40 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы мұсылмандардың бірігіп, мемлекеттердің қастандық әрекеттеріне қарсы тұрып, ислам үмбетінің арасында жіктің пайда болуына рұқсат бермеу керектігін баса айтты.

Аятолла Сейіт Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында мұсылмандар арасындағы бірлікті нығайтып, ислам дұшпандарына қарсы тұрып, ынтымақтастықтарын арттырып, АҚШ-қа ойсырата соққы беруі керектігін баса айтты.

Аятолла Хатами АҚШ президентінің Иранға қарсы айтқан сөздеріне тоқталып: "АҚШ үкіметінің өзі лаңкес бола тұра, лаңкестікті тудырып, лаңкестерді Сирияға жіберіп, ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтарды қалыптастырған Сауд Арабиясына қолдау көрсетіп отыр",- деді.

Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ, жуырда басып алынған жерлердегі өзгерістерге сілтеме жасап, Газа секторына жасалған басқыншылық пен Палестина қарсыласу қозғалысының басып алынған жерлерге жасаған зымырандық шабуылынан кейінгі сионистік режим кабинетіндегі теңселістің жалғасуымен жақын арада сионистік режимнің жойылуына куә болуға үміт білдірді.