Революция жетекшісі айыпталғандарға амнистия жариялауға келісім берді
(last modified Sat, 24 Nov 2018 11:38:40 GMT )
Қар 24, 2018 17:38 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі айыпталғандарға амнистия жариялауға келісім берді

Исламның Ұлық пайғамбары Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с) мәуліті мен имам Джафар Садықтың (ғ.с) туған күніне орай ислам революциясының жетекшісі қоғамдық және революциялық соттар, Қарулы күштердің сот ұйымы мен экономикалық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жөніндегі ұйым тарапынан айыпталған 1086 айыпталушыға амнистия жариялау немесе жазаларын азайту туралы ұсынысқа келісім берді.

Иран Сот билігінің басшысы Амоли Лариджани ислам революциясы жетекшісіне жолдаған хатында Сот органының Амнистия мен кешірім жариялау жөніндегі орталық комиссиясында тиісті шарттарға ие деп бекітілген айыпталушыларға амнистия жариялау немесе олардың жазасын азайту жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Ұсынысты Конституцияның 110-бабының 11-тармағын жүзеге асыру барысында хазірет аятолла Хаменеи қабылдады.