Иранның "Пайям-е нур" университеті мен Пәкістанның Алламе Экбал университеті меморандумға қол қойды
Қар 24, 2018 21:50 Asia/Almaty
Иранның "Пайям-е нур" университеті мен Пәкістанның Алламе Экбал университеті зерттеу саласында әріптестік жасау үшін өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Осы меморандумға сәйкес Иранның "Пайям-е нур" университетінде Экбалтану бөлімі ашылады. Сондай-ақ, ғылыми салада әріптестік жасау, университет ұстаздарының парсы тілі мен әдебиетіне арналған оқулықтар дайындауға қатысты тәжірибелерімен алмасу, бірлесіп кітап шығару және екі елдің ғылыми басылымдарының деңгейін жоғарылату Иран мен Пәкістанның ынтымақтастық салаларының қатарын құрайды.
Тегтер