Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының ортақ отырысы өтті
Иран мен Ресей университеттерінің халықаралық рөлін арттыру мақсатында Иранның оңтүстігіндегі Киш аралында екі елдің үздік университеттері ректорларының төртінші ортақ отырысы өтті.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сенбі күні Киш аралында өткен Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының төртінші отырысында Ресейдің 18, Иранның 14 университетінің ректорлары мен өкілдері сөз сөйлеп, ортақ жобалар, мәселелер, ынтымақтастықтың перспективалары, тәжірибе алмасу және өздерінің жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингін көтеру туралы пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
Парсы тілін Ресейдің жоғары оқу орындарында, орыс тілін Иран университеттерінде оқыту, екі ел университеттері ректорларының бесінші ортақ отырысын Мәскеуде өткізу, ғылыми-оқу тәжірибелерін пайдалану, Иран мен Ресей университеттерінің халықаралық рейтингін көтеру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтар мен мүмкіндіктерді пайдалану Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының ортақ отырысы тақырыптарының қатарын құрады.