«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға Иранның хақысы бар
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні АҚШ-ты «келісімді бұзушы ел» деп атап, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, уран байыту үдерісін қайтадан бастау құқығы бар екені, өйткені Вашингтонның осы халықаралық келісімді бұзғанын мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Италияның «Rai News 24» ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Еуропадан Иранмен сауда байланыстары мен ынтымақтастықтарын тоқтатып, Вашингтонның Теһранға қарсы санкцияларына қосылуды талап етуін негізсіз деп атап: «Егер Еуропа тәуелсіз болса, АҚШ-тың талаптарына қарсы тұруы керек. Егер зорлық-зомбылық жасаушыға өз ойындағысын іске асыруға рұқсат берілсе, оның зорлық-зомбылықтары таусылмайды»,- деді.
Зариф Трамптың «Иран санкциялардың жаңа кезеңінен кейін келіссөздерге қайтып оралуға мәжбүр болады» деген бос сөзіне тоқталып: «Трамп үкіметі Таяу Шығыстағы саясатын қате сараптамаларға сүйеніп, жоспарлады»,- деді.