Иранда «Ислам бірлігі» атты конференция өтіп жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i40083-Иранда_Ислам_бірлігі_атты_конференция_өтіп_жатыр
"Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференция «Құдс – ислам үмбеті бірлігінің өзегі"» деген тақырыпта үш күннен бері Теһранда өтіп жатыр. Ислам әлемінің қиындықтарын шешу жолдарын талқыға салу үшін әлемнің 300-ден астам саяси және діни тұлғалары Теһранда жиналды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 25, 2018 20:10 Asia/Almaty
  • Иранда «Ислам бірлігі» атты конференция өтіп жатыр

"Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференция «Құдс – ислам үмбеті бірлігінің өзегі"» деген тақырыпта үш күннен бері Теһранда өтіп жатыр. Ислам әлемінің қиындықтарын шешу жолдарын талқыға салу үшін әлемнің 300-ден астам саяси және діни тұлғалары Теһранда жиналды.

Иранның бастамасымен жоспарланған "Ислам бірлігі" атты  халықаралық конференция осы жолы 32-ші рет өтіп жатыр. Бұл бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда ерекше маңызды. Ислам әлемінің діни тұлғаларының Теһранда жиналуы ИИР-ның бірлікке негізделген саясаты мен негіздерінің ықпалын көрсетеді. ИИР ислам әлемінің қиындықтарын әрқашан достық және бауырластық қарым-қатынас арқылы шешуге талпыныс жасап келеді.  Американың Палестинаның армандарын жоюды мақсат еткен «Ғасыр мәмілесі» жобасы мен «Оралу құқығы» атты шеру түрінде өтіп жатқан қарсыласу қозғалысының жаңа стратегиясының жалғасуы, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы коалиция құру жолындағы талпыныстарының әлемдіктердің назарына алынуы – биылғы конференцияда қарастырылатын маңызды мәселелер. Сол себепті, Теһранда өтіп жатқан "Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференцияның негізгі тақырыптарының бірі Палестина халқының «Оралу құқығы» шерулері түрінде қарсыласуы және палестиналық босқындардың туған жерлеріне қайтуын қуаттау деп жарияланды. Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы ретінде  «Құдс – ислам үмбеті бірлігінің өзегі"» деген тақырыптың таңдалуы исламдық әрі тарихи Құдс қаласының мұсылмандар үшін маңызды екенін көрсетеді. Еврейлер, арабтар мен америкалықтар бұл қаланың барлық тарихи  исламдық  мұраларын құртып, қаланы сионистердің ықтиярына тапсыруға әрекет жасап жатыр.  Басқаша айтқанда, биылғы "Ислам бірлігі" атты   халықаралық конференцияның жолдауы Палестинаның мазлұм халқы мен қарсыласу шебіне қолдау көрсету болып табылады.  

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Палестина мәселесін ұмыттырғысы келетін Израиль режимі және кейбір араб үкіметтерімен ынтымақтастық жасап, арабтардың Израильмен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру талпыныстарына назар аударып, дұшпандардың «Ғасыр мәмілесі» жобасына сүйенген Палестина жерлеріндегі сұм жобасын іске асыртпау үшін  мұсылмандардың іс жүзінде бірліктерін білдіруден басқа жолы қалмады.

Теһранда өтіп жатқан "Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференцияның маңыздылығын арттыратын келесі мәселе – АҚШ-тың Иранға қарсы психологиялық және экономикалық соғыстарына қарамастан әлемнің саяси және діни танымал азаматтарының басқосуға жиналуы. Трамп үкіметінің саудиялық және сионистік режимдермен ынтымақтастық жасауының мақсаты Иранды оқшау қалды деп көрсету болды. Бірақ, әлемнің, ислам әлемінің танымал әрі ықпалды қайраткерлерінің Иранда жиналуы АҚШ коалициясының Иранды оқшаулау  мақсатының сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді.  Әлемнің беделді азаматтарының  Теһрандағы "Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференция қатысуы АҚШ пен оның одақтастарының Батыс Азиядағы қастықтарын сәтсіздікке ұшыратқан Иранның саясаттарына  қолдау көрсету саналады. Аятолла Аракидің айтуынша, әлемнің әртүрлі елдерінің саяси, діни, өнер және әдебиет саласы қайраткерлерінің Иранда жиналуы әлемде ИИР-ның басшылығымен азаттық талап етушілердің майданының құрылғанын көрсетеді.