Оңтүстік Парс кенішіндегі Total компаниясының орнын Қытай компаниясы басты
https://itolqyn.com/news/iran-i40087-Оңтүстік_Парс_кенішіндегі_total_компаниясының_орнын_Қытай_компаниясы_басты
Иранның мұнай министрі франциялық Total компаниясының Оңтүстік Парс кен орынының 11-ші фазасын дамыту жобасынан шыққанын, оны ресми түрде ҚХР-ның CNPC компаниясымен алмастырғандарын, бірақ әлі өз міндетіне кіріспегенін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 26, 2018 15:45 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Парс кенішіндегі Total компаниясының орнын Қытай компаниясы басты

Иранның мұнай министрі франциялық Total компаниясының Оңтүстік Парс кен орынының 11-ші фазасын дамыту жобасынан шыққанын, оны ресми түрде ҚХР-ның CNPC компаниясымен алмастырғандарын, бірақ әлі өз міндетіне кіріспегенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бижан Намдар Зангане жексенбі күні қытайлық CNPC компаниясының өз ісіне қашан кірісетінін әлі мәлімдемегенін айтты.

Франциялық Total компаниясы құны 4 миллиард 800 миллион долларды құрайтын Оңтүстік Парс кен орынының 11-ші фазасын дамыту туралы жобадан шыққанан кейін ол ҚХР-ның ұлттық мұнай компаниясымен алмастырылды.

АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығатынын мәлімдеген соң франциялық Total компаниясы да ирандық жобадан шығатынын хабарлады.