Ислам революциясының жетекшісі Иран Телерадио бірлестігінің қызметкерлерімен кездесті
(last modified Wed, 28 Nov 2018 09:13:57 GMT )
Қар 28, 2018 15:13 Asia/Almaty

Иран Телерадио бірлестігінің продюсерлері, режиссерлері мен актерлері Ислам революциясы жетекшісімен кездескен соң уақыттың тығыз болуына байланысты діни жетекші ескертулерін оларға жазбаша жіберді.

Аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесінің мәліметі бойынша, ескертулерде былай деп баса айтылған: "Дұшпанның жан-жақты "жұмсақ соғысын" теріске шығаруға болмайды. Бірақ, кейбіреулер оны теріске шығарады, мұның өзі – "жұмсақ соғыстың" бір бөлігі. Бұл соғыста өнерпаздар мен ойшылдар соғыстың қарулы күштері болып табылады. Кейбіреулер бұл ұлттық мәселеге немқұрайдылық танытады, кейбіреулер дұшпанды қолдап, оған көмектеседі. Олар жауапкершілікті түсінбейді. Олар дұшпанға жақтасады. "Қатты соғыстағы" қарулы күштермен салыстырғанда бұл екі топтың күнәсін анықтауға болады. Иранда жауапкершілікті түсініп, шынайы талпыныс жасайтындар аз емес, солардың санын арттыру керек. Иранның айбыны мен мәдениетін, ирандық отбасыларды, Иран халқының ұлы қозғалысын қорғау тек сөз сөйлеп, мәлімдеме жасау емес. Өнер майданға шығуы керек. Бұл салада фильмдер мен сериалдардың рөлі өте маңызды".