Иранның босқындарға қамқорлық жасаудағы саясаты басқа елдер үшін үлгі
(last modified Thu, 29 Nov 2018 10:44:28 GMT )
Қар 29, 2018 16:44 Asia/Almaty
  • Иранның босқындарға қамқорлық жасаудағы саясаты басқа елдер үшін үлгі

БҰҰ-ның Ирандағы босқындар жөніндегі жоғары комисары басқармасының директоры Иранның өмір сүру, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қиындықтарды шешуде босқындарға қызмет көрсетуін әлемнің басқа елдер үшін үлгі-өнеге деп атады.

БҰҰ-ның Ирандағы босқындар жөніндегі жоғары комисары басқармасының директоры Салеһ Сабуһ бейсенбі күні босқындардың құқықтары тақырыбында Керманда өтіп жатқан конференция мен семинарда Иран халқы мен үкіметіне шетелдік босқындарға қамқорлық көрсетіп, оларды қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, ИИР-ның үкіметі босқындарды жылы жүзбен қабылдауымен қоса, шетелдік азаматтардың қоғамда дамып өркендеуі үшін жақсы мүмкіндік жасап отырғанын айтып: "ИИР-ның босқындарға қатысты саясаты Иран халқының қолдауымен бұл елдің мұқтаждарға қол ұшын беруге бағытталған мәдениеті арқылы жүзеге асырылып жатыр. Босқындардың БҰҰ мен басқа мемлекеттердің көмектері үшін алғыстары шексіз",- деді.