Лариджани: Терроризм Азия елдерінің мықты тұстарының əлсіреуіне себеп болды
Иран Ислам Кеңесі Мəжілісінің төрағасы АҚШ əрекеттерінің аймақ елдерінің өзара саяси-экономикалық əріптестік жасау салаларын кеңейтуіне себеп болғанын айтты.
Əли Лариджани сəрсенбі күні Азия Парламенттері бас ассамблеясының он бірінші отырысына қатысу үшін Түркия сапары алдында тілшілерге берген сұхбатта: "Отырыста əртүрлі тақырып талқыланады. Пайдалы қазбалар мен қуат көздері сияқты əлеуеттерді ескерсек, елдер арасында əріптестік жасау салалары жетерлік.
Америкалықтар Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа қарсы тудырған жағдайға байланысты қолда бар мүмкіндікті пайдалану керек. Сирия дағдарысы жөнінде Қазақстанның елордасы Астанада өткен іс-шара сияқты жан-жақты ынтымақтастықты тағы қолдануға болады. Əсіресе бұл тəсілді экономика саласында қолдануға болады. Бұл ой біртіндеп Азия елдерінде таралып жатыр",-деді.