Австрия елшісі: Иран – әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі
(last modified Sun, 02 Dec 2018 15:44:52 GMT )
Жел 02, 2018 21:44 Asia/Almaty
  • Австрия елшісі: Иран – әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі

Теһрандағы Австрия елшісі Иранды әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі деп атады.

Ирандағы Австрия елшісі Стэффан Шульц жексенбі күні Хамедан қаласының  әкімі Сейед Саид Шахрухимен кездесуінде: "Австрия Еуроодақтың кеезңдік басшысы ретінде Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделі. Иран мен Австрияның қарым-қатынасына   700 жыл болды. Осы ретте Хамедан екі елдің қарым-қатынасын дамытуда маңызды рөл атқарды",- деді.

Биыл қарашаның 12-15 күндері Хамедан қаласына азиялық 24 елдің Туризм министрлері мен әлемдік туризм ұйымының 500-ден астам мүшесі келіп кетті.

2018-ші жылы Хамедан облысы Азия туризмінің астанасы ретінде таңдалған болатын.