Лариджани: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу құқығына ие
(last modified Tue, 04 Dec 2018 09:19:51 GMT )
Жел 04, 2018 15:19 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу құқығына ие

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы үдерісінің жалғасуына қатысты айтқан сөзінде егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жалғасында Иранның мүдделері қамтамасыз етілмесе, Теһранның келісімнен шығуға құқығы бар екенін баса айтты.

 

Әли Лариджани дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты туралы еуропалықтармен келіссөздердің жалғасуы туралы: «Еуропалықтар қаржы мәселесіне қатысты  қорытынды шешімдерін жариялауы керек. Бұл тақырыптың ҒАТҒ-қа қатысы жоқ. Еуропамен келіссөздер нәтижеге жетпесе, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы жұмысты жалғастыру туралы қорытынды шешім қабылданады»,- деді. Лариджани АҚШ Президенті ешбір шартсыз келіссөз өткізуге дайын екендігін жариялаған жағдайда Иран мен АҚШ арасында келіссөз өту ықтималы туралы тақырыпты қисынсыз деп атап: «Қазір мұндай келіссөз өткізетін жағдай жоқ. Америкалықтар алдымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралып, келіссөз өткізгісі келетіндіктерін дәлелдеуі керек. Алайда АҚШ-тың сөзі мен ісінен мұндай белгілер байқалмайды»,- деді.