Зариф: Иран Швецияда йемендік топтар арасында келіссөз өткізуді қолдайды
https://itolqyn.com/news/iran-i40219
Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке ИИР-ның йемендік топтар арасындағы келіссөздерді Швецияда өткізуді қолдайтынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 04, 2018 17:13 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Швецияда йемендік топтар арасында келіссөз өткізуді қолдайды

Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке ИИР-ның йемендік топтар арасындағы келіссөздерді Швецияда өткізуді қолдайтынын қуаттады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында Йемендегі дағдарысты тоқтату үшін барлық тараптардың сындарлы рөл атқару қажеттігін қуаттап: «Әлем келіссөздерді қолдап, шапқыншылардың шабуылдарын тоқтату үшін тарихи жауапкершілікке ие»,- деп жазды.

Йеменнің бейбіт келіссөздерінің жаңа кезеңі Стокгольмде өтеді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ, дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Швецияда өтетін йемендік топтар арасындағы келіссөздердің басталуын қолдауымен бірге Йемендегі дағдарыс пен адами апатты тоқтатуға талпыныс жасаудың тарихи жауапкершілік екенін баса айтты.

ИИР аймақтың ықпалды елдерінің бірі ретінде әрқашан Таяу Шығыс дағдарыстарын, соның ішінде Йемен мәселесін саяси жолмен шешуге талпыныс жасап келеді.