Иранның зымырандық бағдарламасына шектеу қою еш уақытта орындалмайтын қиял
(last modified Tue, 04 Dec 2018 13:08:40 GMT )
Жел 04, 2018 19:08 Asia/Almaty
  • Иранның зымырандық бағдарламасына шектеу қою еш уақытта орындалмайтын қиял

АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі «Иранға қарсы әрекет» тобының басшысы Брайан Хук Еуропа елдерінен Иранға санкция салуды талап етті.

Брайан Хук АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен бірге Брюссельге аттанатын журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «Біз Еуроодақтың Иранның зымырандық бағдарламасын нысанға алатын санкцияларды пайдаланғанын қалаймыз»,- деді. Хук АҚШ пен еуропалықтардың «Иранның зымырандық қоқан-лоққысына» қатысты ұстанымының ортақ екендігіне сілтеме жасап: «Еруопалықтар Иранның Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзғанын біледі»,- деген уәж айтты.

Өткен аптада да АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның зымырандық күш-қуатын қоқан-лоққы деп көрсетіп, еуропалықтарды Америкаға қосылуға итермелеу үшін: «Теһран ядролық оқтұмсық тасымалдай алатын баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді»,- деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі Вашингтонның қастандықтарының бірі Риядқа атылған зымыран сынықтарын көрсетіп, «зымыран Иранда жасалды» деп, Теһранды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Йеменге қару сатуға тыйым салатын қарарын бұзумен айыптауы болды. Трамп үкіметі еуропалықтарды, Қытай мен Ресейді бұл мәселеге қатысты Вашингтонды қолдайды деп көрсетіп, әлемді «Иранның зымырандық қоқан-лоққысы» туралы хабардар ету үшін дипломатиялық қарым-қатынастарын арттырды. Бірақ, көп ұзамай бұл қастандықтағы АҚШ уәждерінің жалғандығы әшкере болды.

Ақпараттық осы жанжалдан кейін БҰҰ-ның Бас хатшысы баспасөз хатшысының орынбасары Фархон Хақ: «Йеменнен Сауд Арабиясына атылған зымырандардың қай елде жасалғанын нақты дәлелдейтін құжаттар жоқ»,- деп жариялады.

Foreign Policy журналы: «Ақ үйдің БҰҰ-на ұсынған деректері расталған жоқ. Ұсынылған зымыран сынықтарының кейбір бөлшектері АҚШ-та жасалған»,- деп жазды. Иранның зымырандық бағдарламасы толығымен қорғаныстық мақсатты көздеуіне қарамастан оған қатысты жанжалды уәждер жалғасуда.

АҚШ-тың саясаты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтын еуропалық мемлекеттерді аталмыш бағдарламаны қорғаудың орнына Иранның зымырандық және басқа жұмыстарына шоғырлануға мәжбүрлейтіндей жобаланды.

«Стокгольм бейбітшілігі» ұйымы Еуропаның ықтималды реакциясына сараптама жасап: «АҚШ санкциялары Еуропаның Иранмен заңды саудасын қиындатып жіберетіндей жағдай қалыптастырса, Еуроодақтың шешімі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тағдырын анықтайтын маңызды фактор бола алады»,- деп жазды. Еуропа бұл салада Ираннан анық жолдау алды.

Ислам революциясы жетекшісінің еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы  ұстанымдарына қатысты сөзі айқын. Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің жылдығында сөйлеген сөзінде еуропалықтарға Иранның зымырандық дамуына шектеу салуды  еш уақытта өңге айналмайтын түс деп ескерткен болатын.