АҚШ-тың Иранның аймақ және әлеммен сауда қатынасын үзуге шамасы келмейді
https://itolqyn.com/news/iran-i40226
ИИР президенті АҚШ-тың Иранның аймақ және әлеммен сауда қатынасын үзуге шамасы келмейтінін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 04, 2018 23:05 Asia/Almaty

ИИР президенті АҚШ-тың Иранның аймақ және әлеммен сауда қатынасын үзуге шамасы келмейтінін айтты.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранның шығысында орналасқан Семнан облысының Шаһруд қаласы тұрғындарының алдында сөйлеген сөзінде: "АҚШ-тың Иран халқының аймақ және әлем мемлекеттерімен мәдени, экономикалық және саяси қарым-қатынастарын сақтап, өз көршілері және мұсылман елдерімен байланысын дамытатынын білгені жөн",- деді.

Рухани қуатты Иранға АҚШ пен сионистер төзе алмайтындай екенін және Иран халқының ешқашан дұшпанның алдында бас имегенін және имейтінін баяндап: "Иранның ұлы халқы АҚШ-пен шайқаста жеңіске жететінін дәлелдеді",- деді.

Иранның атқарушы билігінің басшысы АҚШ-тың ИИР-ның әлем елдерімен қатынасын әлсіретуді көздеп отырғанына тоқталып: "Иран халқының батыста Ирак және Түркиямен, солтүстікте Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан және Түркіменстанмен, шығысында Ауғанстан және Пәкістанмен, оңтүстікте Оман, Катар және Кувейт елдерімен қарым-қатынасы бұрынғыға қарағанда дамып, нығая түсті. Сондықтан АҚШ-тың Иранның аймақ және әлеммен сауда қатынасын үзуге шамасы келмейді",- деді.