Рухани: Иран халқы өз тәуелсіздігін сатпайды
ИИР Президенті сейсенбі күні Семнанда сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Иранға салған біржақты санкцияларының Вашингтонның Иран халқына дұшпандығының белгісі деп атап, ирандықтардың қиындықтарға қарамастан өз тәуелсіздігін сатпайтынын қуаттады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани Семнан облысында өткен отырыста сөйлеген сөзінде бүгінде әлемде Иран халқы дұшпандарының артқа шегініп жатқаны айқын байқалатындығына тоқталып: «Америкалықтар экономикалық қысымдарымен Иран халқын бағындырамыз деп ойлады. Бірақ бұл ойларының іске аспайтын қиял екенін түсінді.
Иран халқы ақылы, қырағылығы және жанкештілігімен дұшпанның қастықтарына қарсы тұрады. Иранның дұшпандары Иран халқына қарсы жолдарынан артқа шегініп, ирандықтар жеңіске жетеді»,- деді.