Рухани: Дұшпандар Иранның абырой-айбынына төзе алмай отыр
(last modified Thu, 06 Dec 2018 08:58:59 GMT )
Жел 06, 2018 14:58 Asia/Almaty
  • Рухани: Дұшпандар Иранның абырой-айбынына төзе алмай отыр

ИИР Президенті ислам жүйесіне дұшпандардың Иран халқының алдында бас июге мәжбүр екенін айтып: «Дұшпандар ашулы. Олар Иранның абырой-айбынына төзе алмайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Семнан облысының әкімшілік кеңесінде: «Санкция жағдайында қоқан-лоққыны мүмкіндікке айналдыру керек. Иран халқы санкциялар мен қысымдардың мағынасын жақсы біледі»,-деді.

Рухани Иранның Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінен әлдеқайда қауіпсіз екенін, Иранның әскери, қауіпсіздік және тәртіп сақтау күштерінің осы салада бар күшімен жұмыс жасап жатқанын айтты.

Иран Президенті Иранның қорғаныс қуатының талқыға салынбайтынын, Еуропа елдері осы саланы талқылағысы келсе, олармен сұхбаттаспайтындарын айтты.